Қазақстан мен Өзбекстан туроператорлары бірлескен туристтік бағыттар әзірленіп жатыр

0
954

Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалаларға апаратын «Heritage of Uzbekistan and Kazakhstan» атты алғашқы туристік бағыты әзірленді.


Қазақстан мен Өзбекстан туроператорлары бірлескен туристтік бағыттар әзірленіп жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстанның Өзбекстандағы жылына орай Ташкентте бірлескен туристік ақпараттық орталық ашылды, деп жазады «Хабар 24».

Кеңседе әлем кезген саяхатшылар үшін еліміздің оңтүстік өңірлері жайлы мәлімет беріледі. Аталмыш орталық Түркістан облысы мен Шымкент қаласының туризм басқармаларының қолдауымен ашылып отыр. Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалаларға апаратын «Heritage of Uzbekistan and Kazakhstan» атты алғашқы туристік бағыты әзірленді. Оған екі тараптан бірнеше қала таңдалып алынған. Тізімде Өзбекстанның Хива, Бұқара, Самарқанд және Ташкент қалалары бар. Ал біздің тараптан Шымкент пен көне Түркістан шаһары және Тараз қаласы ілінген. Алдағы уақытта екі елдің туристік операторлары бірлесіп осы аймақтарға шетелдік саяхатшыларды тартумен айналысады. Мамандар туристік бағыттың әлемдік тәжірибеге сүйене отырып жасағандарын айтады. Бұл бастама Қазақстан тарапы көтеріп отырған Орталық Азия елдеріне арналған шенген визасын жоспарлы түрде жүзеге асыруға негіз болмақ.

Тұрар Ахметов, Шымкент қалалық туризм басқармасының басшысы:

– Алда екі ел арасындағы туристік бағытты дамыту бойынша үлкен міндеттер тұр. Бірлескен кеңсе ашылды. Ақпараттық орталық туристік потенциалы жоғары, қаланың ең көрнекі жерінен ашылып отыр. Өзбекстандағы Ташкент қаласының билігі бұл жерді шаһардағы тағы бір саяхатшылар орталығына айналады, деп мәлімдеді. Ташкенттегі Гагарин көшесі қолөнер шеберлерінің туындылары мен кәдесыйлар қойылатын жер болмақ. Демек мүлдем жаңа туристік нысанға айналады деген сөз.