2019 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты тауар айналымы артты. Ресей Қазақстанға 15,7 миллиард доллар көлеміндегі тікелей инвестиция бағыттаған.
ERNUR.KZ. Қазақстан мен Ресей 53 инвестициялық жоба әзірлеп жатыр. Жалпы сомасы 6,6 миллиард доллар, деп жазады sputniknews.kz.
"Ресей Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптесі. Ресей Қазақстанға 15,7 миллиард доллар көлеміндегі тікелей инвестиция бағыттады. 2019 жылы екіжақты тауар айналымы 6,2%-ке артты. 2018 жылы 20 миллиард доллар болатын", - деп мәлімдеді президент.
Тоқаев Қазақстанда 7 мың ресейлік компания жұмыс істейтінін айтты. 3,5 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын бар.
2018 жылы ресейлік "Полиметалл" компаниясы Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнына 418 миллион доллар инвестиция бағыттады.
"Біз Ресеймен мұнай-газ, мұнай-химия сынды салаларда әріптестікті нығайтуды доспарлап отырмыз. Каспийде мұнай-газ саласы бойынша бірлесе жұмыс жүргізіп жатырмыз. Біздің елде "Лукойл" сәтті қызмет етіп жатыр, - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы әріптестік нәтижесінде Қытай мен Орталық Азия нарықтарына шығатын өндірісті қолға алу жоспарланып отырғанын айтты.
Осы жылдың күзінде Қазақстан-Ресей форумы өтеді. Жиында өңіраралық экономикалық әріптестік бойынша шешімдер қабылданады.