Қазақстан шет мемлекеттерге іздеуде жүрген 80 адамды ұстап берді

0
649

Ұсталғандардың басым көпшілігі – Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары.


Қазақстан шет мемлекеттерге іздеуде жүрген 80 адамды ұстап берді

ERNUR.KZ. Өткен жылы ҚР Бас прокуратурасы шет мемлекеттердің сұрауы бойынша іздеуде жүрген 80 қылмыскерді ұстап берген, деп жазады ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, ұсталғандардың басым көпшілігі – Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары.

Мысалы, Ресей Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша 2022 жылы осы елдің азаматы А.Ж. Урзагулов мемлекетаралық іздеуде болған және Ақтөбе облысының аумағында ұсталған. Ресейдің құқық қорғау органдары оны Н.М. Жумагазиевті атыс қаруымен топтық өлтірді деп айыптады. Орынбор облыстық сотының үкімімен А. Ж. Урзагулов аталған қылмысы үшін 15 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Сондай-ақ, 75 000 АҚШ доллары сомасына алаяқтық жасағаны үшін Өзбекстанға берілген Г.Т. Нәбиев Самарқанд қалалық қылмыстық сотының үкімімен 9 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Сонымен қатар, өткен жылы ресейлік құқық қорғау органдарына Давлатов С.Т., Авдеев С. В., Алиев Р. Х. және Транда Е. В. ауырлататын мән-жайларда адам өлтіргені үшін; Р. С.Хатов, А. А.Соколов, Х. М. Гадамаури есірткі сатқаны үшін берілген.

“Экстрадициялау туралы шарттары жоқ елдермен адамдарды ұстап беру туралы мәселелер халықаралық құқықта қолданылатын өзара іс-қимыл қағидаты негізінде қаралады. Бұл ретте, біз әрекетті қылмыс ретінде өзара тану талабын басшылыққа аламыз. Атап айтқанда, соңғы жылдары біз АҚШ, Түркия, Литва құзыретті органдарының сұранысы бойынша іздеуде жүрген адамдарды бердік”, – делінген Бас проокуратура хабарламасында.