Қазақстан шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін өзгертті

0
723

Енді ішкі істер министрлігінде өтініштерді келісу талап етілмейді.


Қазақстан шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін өзгертті

ERNUR.KZ. Өзгерістер ҚР Үкіметінің 28 сәуірдегі қаулысымен енгізілді. Енді еңбек иммигранттарын тарту үшін өтініштерді Ішкі істер министрлігімен келісу талап етілмейді, деп жазады Zakon.kz.

Жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеуі (қызмет көрсетуі) үшін еңбек қызметін жүзеге асыруға еңбекші көшіп келушілерді тарту қажеттігін жергілікті атқарушы органдар мыналарды ескере отырып айқындайды:

  • өңірдегі жұмыс күшіне сұраныс, оның ішінде жоспарланған жұмыс орындарын құру есебінен;
  • жұмыссыздар санының болжамы және жұмыскерлердің босатылуы;
  • былтыр жергiлiктi атқарушы органдардың еңбек иммигранттарын тартудың тиiмдiлiгiн және алдағы жылға еңбек иммигранттарына болжамды қажеттiлiктi бағалау.

Жергілікті атқарушы органдар алдағы жылға немесе жылдарға еңбек иммигранттарын тарту қажеттігін қалыптастырады және 1 қарашаға дейін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға еңбек иммигранттарын тарту қажеттігі туралы өтініштер жібереді.

Енді ішкі істер министрлігінде өтініштерді келісу талап етілмейді.

Қаулы 2022 жылдың 10 мамырында күшіне енеді.