Қазақстан тағы төрт елмен әуе рейстерін қысқартады

0
457

​6 қазаннан бастап шетелдіктерге Қазақстанға коронавируспен ауырмайтыны туралы анықтамасыз кіруге тыйым салынды.


Қазақстан тағы төрт елмен әуе рейстерін қысқартады

ERNUR.KZ. Коронавирус індетінің қайтадан таралуына жол бермес үшін Қазақстан төрт елмен әуе рейстерін қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Жақын арада бірнеше бағыт бойынша әуе рейстерін қысқартуды жоспарлап отырмыз. Олар: Украина, Германия, Беларусь және БАӘ", – деді Қиясов онлайн баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін үкімет Түркиямен арадағы рейстер саны қысқаратынын хабарлаған еді.

6 қазаннан бастап шетелдіктерге Қазақстанға коронавируспен ауырмайтыны туралы анықтамасыз кіруге тыйым салынды. ПТР-тестің мерзімі 72 сағаттан асып кетпеуі тиіс. Анықтамасы жоқ немесе мерзімі өтіп кеткен шетелдіктер елден депортацияланады.

Ал ПТР-анықтамасы жоқ қазақстандықтар әуежайдан шыға сала бірден карантиндік стационарға орналастырылады. Ол жерде азаматтардан коронавирусқа анализ алынады.