Қазақстан түрмелерінде «электронды дүкен» енгізілді

0
677

Мекемелердегі бейнекездесулер карантин кезінде өз тиімділігін көрсетті.


Қазақстан түрмелерінде «электронды дүкен» енгізілді

ERNUR.KZ. Қазақстан түрмелерінде «электронды дүкен» енгізілді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Жанат Ешмағамбетов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, ҚАЖ жүйесін дамыту жөніндегі бағдарламалық құжаттар аясында сотталғандардың құқықтық және ұстау жағдайын жақсартуға, цифрландыруға және жүйенің ашықтығына бағытталған жұмыстар атқарылып жатыр.

«Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың электронды түрде шағым жолдау құқығы енгізілді. Іс жүзінде әрбір мекемеге прокуратураға, одан ары сотқа және жемқорлыққа қарсы қызметке шағым жасау үшін электронды терминалдар орнатылады. Жаңа технолониялардан рұқсат берілген тамақ, киім, кітап секілді түрлі тауарлар мен заттарға тапсырыс беру үшін «электронды дүкен» технологиясы енгізілуде», - деді ол.

Сонымен қатар комитет басшысының айтуынша, сотталушылар мен олардың туыстарының бейнекездесулері де ұйымдастырылып отыр. Мекемелердегі бейнекездесулер карантин кезінде өз тиімділігін көрсетті Олардың саны 33 мыңға жетті.

«Өз кезегінде, Ішкі істер министрінің тапсырмасымен бейнебайланыс арқылы кездесулердің және сотталғандарға жолданатын сауқаттардың саны 14-тен 20 келіге дейін ұлғайғанын атап өткім келеді», - дейді Жанат Ешмағамбетов.