Өзін құмар ойындардан, бәс тігуден шектеу бойынша онлайн қызмет 2024 жылдың 18 наурызында енгізілді.
Sputnik / Виталий Аньков
ERNUR.KZ. Туризм және спорт министрлігі өзін құмар ойындардан шектегендер туралы жаңартылған мәліметті жариялады, деп жазады sputnik.kz.
2024 жылдың 7 қазанына дейін 164 523 өзін құмар ойындардан шектеген:
eGov mobile арқылы – 161 707 адам;
жазбаша – 2 816 адам.
Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің мәліметіне сәйкес, құмар ойындарға қатысудан өзін шектегендер арасында ең көп үлес 31-35 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі:
eGov mobile арқылы – 38 180 адам (жалпы санның 24,27%);
жазбаша – 878 адам (жалпы санның 29,77%).
Өзін құмар ойындардан, бәс тігуден шектеу бойынша онлайн қызмет 2024 жылдың 18 наурызында енгізілді. Ведомство пилоттық жоба оң нәтиже көрсетіп, құмар ойындарға қатысу көрсеткіші төмендеп жатқанын атап өтті.