Қазақстанда 20 мемлекеттік сайт уақытша жұмыс істемейді

0
1 336

Телекоммуникациялық жабдықтарда жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.


Қазақстанда 20 мемлекеттік сайт уақытша жұмыс істемейді

ERNUR.KZ. Елімізде бірқатар мемлекеттік органдардың порталы уақытша жұмыс істемейді, деп жазады ҚазАқпарат.

Мемлекеттік органдардың серверлік орталығында орналасқан телекоммуникациялық жабдықтарда 2019 жылғы 2 наурыз сағат 21:00-ден бастап 3 наурыз 17:00-ге дейін жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты келесі интернет-ресурстар жұмыс істемейді:

  • «Электрондық үкімет» порталы»;
  • «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі;
  • «Электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі;
  • «Мобильді үкімет» қосымшасы;
  • «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
  • «Техбайқау» міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;
  • «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры; «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі»;
  • «Монополист» базасы сервистік бағдарламалық өнімі;
  • Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сайты;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының сайты;
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты.