Қазақстанда 457 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды

0
522

1 сәуірдегі жадай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 137,3 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.


Қазақстанда 457 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды

ERNUR.KZ. 1 сәуірдегі жағдай бойынша 87 мың отбасындағы 456,7 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді, деп жазады sputnik.kz.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен азаматтарға тағайындалады.
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген кепілдендірілген әлеуметтік топтама қосымша төлем түріне ауыстырылды. Яғни 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға 1,5 АЕК мөлшерінде (2023 жыл – 5175 теңге) төленеді.
1 сәуірдегі жадай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 137,3 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.