Қазақстанда АЭС салуға қанша қаржы кететіні айтылды

0
993

Елімізге атом электр станциясын салу бойынша 4 жоба қарастырылып жатыр.


Қазақстанда АЭС салуға қанша қаржы кететіні айтылды

ERNUR.KZ. Бұл жайында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Елімізге атом электр станциясын салу бойынша 4 жоба қарастырылып жатыр. Бүгінгі таңда елімізде атом электр станциясын салу үшін 10-15 миллиард доллар керек.

Құжаттар шамамен 5 жыл әзірленеді. Өйткені, бірінші кезеңде техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге 1,5-2 жыл керек. Содан кейін Үкімет АЭС салу туралы оң шешім қабылдаса, жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді. Оғанда уақыт қажет. АЭС шашамен 5 жыл салынады. Яғни атом электр станциясын 2035 жылы іске қосамыз деп ойлаймыз, - деді басшы Астанада өткен «Бейбіт атом» республикалық семинарында.

Тимур Жантикин АЭС салу үшін 2 орын қарастырылғанын айтты.

Әзірге тек бір орын қарастырылып жатыр. Іс жүзінде 2 орын қарастырылған: ШҚО және оңтүстікте. Оңтүстік Қазақстан
энергожүйенің шарты бойынша бұрынғы ГРЭС алаңының орны болып саналады. Содан кейін Алматы облысы Үлкен кенті таңдалды. Ол Балқаш көлінде орналасқан, - деді ол.

Сондай-ақ бас директор АЭС салу үшін қанша қаржы керегін атап өтті.

Бірінші станция 10-15 млрд доллар болады. Себебі, ол – алғашқы станция. Қазір қаржыландыру көзі пысықталып жатыр. Бұл – негізінен халықаралық қаржы институттары. Жоба әзірге коммерциялық болып саналады. Мемлекет оған араласпайды. Тиісінше оның шарттары да бар, - деді Жантакин.