Қазақстанда ақшасын депозитке доллармен жинайтындар азайған

0
485

2022 жылы іске асырылған теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасында жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша өтемақы төлеу ескерілген.


Қазақстанда ақшасын депозитке доллармен жинайтындар азайған

ERNUR.KZ. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов өткен жылдың қорытындысы бойынша теңгедегі салымдар 22 пайызға артқанын мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

«Валюта саудасының нарықтық қағидаттарын кеңейту, Ұлттық банктің іс-әрекеттерінің транспаренттілігін арттыру есебінен валюта нарығының балансы жақсартылды. Былтырғы наурыз айындағы айырбас бағамы 1 АҚШ доллары үшін 512 теңгеден жоғары рекордтық мәнге дейін әлсірегеніне қарамастан, жыл соңына қарай 462,7 теңгеге дейін 9,7 пайызға нығайды. Бұл тұрғыда валюта нарығы қалпына келді», - Ғ. Пірматов.

Оның айтуынша, 2022 жылы іске асырылған теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасында жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша өтемақы төлеу ескерілген.

«Бөлінген өтемақының жалпы сомасы 306,6 млрд теңгені құрады. Нәтижесінде теңгедегі салымдар 2022 жылдың қорытындысы бойынша 21,2 трлн теңгеге дейін, яғни 22 пайызға артты. Ал долларды пайдалану деңгейі 31,6 пайызға дейін төмендеді. Биыл теңгедегі салымдар 21,4 трлн теңгеге дейін өсті. Депозиттегі доллар деңгейі 30% межеден төмендеп, 29,3% құрады. Осы орайда ол кейінгі 15 жылдағы минимумға жетті», - деді ҰБ басшысы.