Қазақстанда алдағы үш тәулікте күн суытады

0
1 917

Мұндай ауа райы арктикалық суық фротпен байланысты болады


Қазақстанда алдағы үш тәулікте  күн суытады

ERNUR.KZ. Синоптиктер 11-13 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады BNews.kz.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік аумағында жаңбырдың арты қарға ұласады, бұлыңғыр ауа райы және күннің суытуы күтіледі.

Егер 11 қазанда күндізгі температура әліде плюс 13...20°С болса, 13 қазанда 0…плюс 8°С жоғары болмайды, ал түнгі температура 0…минус 5°С болжанады.

"Мұндай ауа райы республика аумағына Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан жылжитын арктикалық суық фротпен байланысты болады", - деп түсіндірді Қазгидрометте.

Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында суық фронттардың әсері күндіз 12, тәулік бойы 13 қазанда күтіледі, мұнда әзірге жаңбыр, бірақ таулы аймақтарда жаңбыр қарға ұласатын болады.