Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесі өзгертіледі

0
253

Құжат 8 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.


Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесі өзгертіледі

ERNUR.KZ. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп жазады zakon.kz.

Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты — аттестаттау комиссиясы жанынан әңгімелесуден өтуді ғана қалдырып, аттестаттауды өткізу кезінде тестілеудің қайталануын болдырмау болып табылады.

Осылайша, аттестаттау тек әңгімелесуден өтуді және аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімін шығаруды қамтиды.

Бұдан өзге, халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру кезінде халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге кәсіптік біліктілік танудан өткен әлеуметтік қызметкерлердің болуы қажет екендігі туралы норма енгізіледі.

Өз кезегінде кәсіби біліктілікті тану тестілеуден өтуді білдіреді. Осыған байланысты, Еңбек министрлігі тестілеуді қайталау орынсыз деп санады.

Құжат 8 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.