Қазақстанда алтын қоры азайды

0
691

Ұлттық банктің сайтында бір грамм алтын 32 400 теңге тұрады.


Қазақстанда алтын қоры азайды

ERNUR.KZ. Қазақстанда алтын қоры азайды. Бұл туралы LS сараптама агенттігі хабарлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Дүниежүзілдік алтын бойынша кеңестің ақпаратына сәйкес, 1-і наурыздағы жағдай бойынша қымбат металл көлемі 385 тоннаны құрайды. Ал жыл басында ол 407 тонна болған. Қазақстан алтын қоры бойынша Түркия мен Португалияның ортасында, 13-орында тұр. Алтын қоры бойынша АҚШ, Германия және Италия алдыңғы қатарда.

Ал Comex биржасындағы қымбат металдың бір троя унциясы шамамен екі мың долларға сатылып жатыр. Ұлттық банктің сайтында бір грамм алтын 32 400 теңге тұрады.