Қазақстанда азық-түліктің шекті бағасы белгіленді

0
941

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – нан, қарақұмық жармасы, тазартылған күріш , сиыр еті, жұмыртқа, күнбағыс майы, тұздың шекті бағасы анықталды.


Қазақстанда азық-түліктің шекті бағасы белгіленді

ERNUR.KZ. Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасы белгіленді. Сауда министрлігі, ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрлігі бірлескен бұйрыққа қол қойды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

4 сәуірден бастап мынадай тауарларға шекті баға белгіленеді: бірінші сортты бидай ұны, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), рожки (өлшеніп салынатын), қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), тауық жұмыртқасы (I санатты), күнбағыс майы, ас тұзы ("экстрадан" басқа).
"Соңғы айда Қазақстанның азық-түлік тауарларына деген сұранысын талдау нәтижесінде бұл тауарлар ең көп сатып алынатыны анықталды. Соған байланысты, осы жылдың басынан бастап дәл сол азық-түлік бағасы өсті", - делінген Қазақстан сауда және интеграция министрлігі таратқан ақпаратта.
Бағалар әр аймаққа жеке белгіленеді. Нұр-Сұлтан қаласында 1-ші сұрыпты ұннан пісірілген 1 килограмм нан ең көп дегенде 150 теңге, Алматыда – 146 теңге, Шымкент қаласында – 146 теңге тұратын болады.
Өңірлерде: Маңғыстау облысында – бір килограмм нан үшін 164 теңге, Ақтөбе облысында – 147, Атырау облысында – 164, Ақмола облысында – 160, Қостанай облысында – 139, Қызылорда облысында – 143, БҚО – 160, ШҚО – 150, Павлодар облысында – 161, СҚО – 120, Алматы облысында – 144, Жамбыл облысында – 138, Түркістан облысында – 148.
Қарағанды облысында шекті бағалар елді мекендерге байланысты белгіленген. Онда 1 килограмм нанның құны ажыратылады: 142 теңгеден 160 теңгеге дейін.
Осылайша, нан бөлкесінің құныНұр-Сұлтан қаласында – 82,5 теңгеден, Алматы және Шымкент қалаларында – 80,3 теңгеден аспайды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасын қымбаттатқандар 265 100 теңгеден 530 200 теңгеге дейін айыппұл төлейді.