Қазіргі күні 3 мыңнан аса бала 116 интернаттық ұйымда тәрбиеленіп жатыр.
ERNUR.KZ. Елімізде балалары үйі мен ондағы тәрбиеленушілердің саны 2 есеге азайған Бұл соңғы 10 жылда байқалған көрсеткіш, деп жазады Stan.kz.
Оқу-ағарту министрлігі дерегіне сүйенсек, бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалар үйлері балаларды қолдау орталықтарына айналған. Сонымен қатар, Үкімет көп баланы отбасылық қамқорлықпен қамтуға мүмкіндік беретін заңнамалық нормаларды әзірледі. Нәтижесінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастыру – мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналды.
Бүгінде отбасылық орналастырудың 4 балама түрі бар:
• бала асырап алу;
• қорғаншылық (қамқоршылық);
• патронат;
• қабылдаушы отбасы.
Қазіргі күні 3 мыңнан аса бала 116 интернаттық ұйымда тәрбиеленіп жатыр. Соңғы 10 жылда 7 мың бала өз отбасын тапқан.
"Балалар үйінің азаюына интернат ұйымдарын деинституционализациялау, отбасылық орналастырудың балама нысандарын енгізу және жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды материалдық қолдау саясаты әсер етті", – деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы Насымжан Оспанова.
Сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әрбір балаға колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алуға грант беріліп, шәкіртақы төленеді. Олардың жұмысқа орналасу кезінде басым құқығы болады.