Қазақстанда балаларға "Спутник M" вакцинасы салына ма? ДСМ жауап берді

0
493

Бұған дейін "Спутника V" әзірлеушісі коронавирусқа қарсы балаларға арналған вакцина тіркелгенін жариялаған болатын.


Қазақстанда балаларға

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі "Спутник V" ("Гам-КОВИД-Вак-М") балаларға арналған вакцинаны сатып алу және қолдану туралы жауап берді, деп жазады Tengrinews.kz.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмек саясаты департаменті мәліметінше, күн тәртібінде мұндай мәселе жоқ.

"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында "Спутник V" ("Гам-КОВИД-Вак-М") вакцинасымен балаларды вакциналауға қатысты ресми деректер жоқ. Сонымен қатар, Pfizer шығаратын вакцинаны жеткізу жоспарланып отырғанын хабарлаймыз. 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерді вакциналау үшін елге барлығы 4 миллионға жуық доза жеткізіледі, бұл 2 миллион адамды вакциналауға жеткілікті", - деп жазады Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмек саясаты департаменті.

Бұған дейін "Спутника V" әзірлеушісі коронавирусқа қарсы балаларға арналған вакцина тіркелгенін жариялаған болатын. Гамалея орталығының басшысы Александр Гинцбург қазір мамандар дәріге фармакологиялық сараптама жүргізіп жатқанын айтты. Гамалея орталығы әзірлеген балаларға арналған коронавирусқа қарсы вакцина "Спутник М" деп аталуы мүмкін.