Қазақстанда бензин арзандады

0
1 113

Ал өндіріс көлемі бір жылда 12 пайызға артқан.


Қазақстанда бензин арзандады

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрінің мәліметіне сенсек, АИ-92 маркалы бензинінің литрі 146 теңге 8 тиынға сатылуда. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға арзан, деп жазады inbusiness.kz.

Еске салсақ, былтыр 157 теңгеге сатылған болатын.

АИ-95 және 96 маркалы бензиннің бір литрі 168 теңгеге бағалануда. Яғни бір жылда 4 пайызға арзандады. Дейтұрғанмен, дизель отыны 11 пайызға қымбаттап, 173 теңгеден 192 теңгеге дейін өскен.

Республика бойынша бензин қымбат қалалар тізімін Ақтау мен Нұр-Сұлтан бастаса, Орал, Тараз, Шымкент және Атырау қалаларында бензин арзан, яғни АИ-92 141-142 теңге тұрады.