Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 32 адам қайтыс болды

0
407

Індет жұқтырған 668 науқастың жағдайы ауыр.


Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 32 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирустан 28 адам, пневмониядан 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

26 мамырдағы жағдай бойынша 31 232 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр (30 667: КВИ + және 565 КВИ -), оның 11 986-сы стационарда, ал 19 246 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.

КВИ + және КВИ - науқастар арасында:

- 668 науқастың жағдайы ауыр,

- 171 науқас - өте ауыр дәрежеде,

- 107 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.