Қазақстанда дрон ұшыру үшін жаңа талаптар енгізіледі

0
1 276

​Қазақстанда дрондар үшін ұшуға арналған және ұшуға шектеу қойылған екі аймақ пайда болады.


Қазақстанда дрон ұшыру үшін жаңа талаптар енгізіледі

ERNUR.KZ. ИИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Ардақ Өтеповтің айтуынша, соңғы уақытта әуесқой және коммерциялық мақсаттағы аэрофототүсірілім барысында, түрлі тауарларды жеткізу және кәсіби талдау жұмыстары кезінде дрондар кеңінен қолданылып жүр. Дрон иелерінің саны артқан сайын оларды тіркеу мен ұшу аппараттарын тиімді пайдалану ережесі туралы да мәселе көтерілуде, деп жазады sputnik.kz.

Сол себепті биыл Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану туралы заңнамаға бірқатар түзету енгізу жоспарланып отыр.
"Оның аясында ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарына жаңа талаптар қарастырылған. Атап айтқанда, пилотсыз ұшу құрылғыларына арналған арнайы аймақ пен пилотсыз аппараттардың ұшуына шектеу қоятын аймақ енгізіледі", - деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Қазақстанның авиация әкімшілігі ұшу аппараттарын тіркеуге алу, оларды алғашқы даярлықтан өткізу және сертификат беру, сондай-ақ халық тығыз қоныстанған аудандарда, кенттер мен елді мекендерде ұшуға рұқсатнама беру жұмыстарын жүзеге асырады.
Бүгінде республикада 301 пилотсыз ұшу аппараты есепке алынған.