Монополияға қарсы бағытталған іс-қимыл қорытындысы бойынша шара қабылданады.
ERNUR.KZ. Қазақстан бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті бағаға жүргізілген мониторинг нәтижесінде қант бағасы алып-сатарлардың әрекетінен қымбаттағанын анықтады, деп жазады sputnik.kz.
"Қазіргі уақытта нарық субъектілерінің үстемдік үлесін анықтау мақсатында ірі жабдықтаушыларға сауал жолданды. Монополияға қарсы бағытталған іс-қимыл қорытындысы бойынша шара қабылданады", - деп жазылған хабарламада.
Монополияға қарсы департамент азаматтарды дүрбелеңге салынбауға шақырып, бәсекелестікке қарсы келісімдер, келісілген әрекеттер нәтижесінде алып-сатарлық жолмен бағаны өсіру, сондай-ақ үстемдік жағдайды теріс пайдалану монополиялық кірісті (таза пайданы) тәркілеп, кірістің 3-5 проценті мөлшерінде айыппұл салуға алып келетінін ескертті.