Қазақстанда қару сататын дүкендер тексеріле бастады

0
502

Қатігездікке үгіттейтін интернет кеңістіктегі топтарға да бақылау жүргізіледі.


Қазақстанда қару сататын дүкендер тексеріле бастады

ERNUR.KZ. Бұл туралы білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігі туралы өткен брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз айтты, деп жазады baq.kz.

"Бүгін басталған «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қару мен оқ-дәрілерді сату заңдылығына, оларды қару дүкендерінде, сондай-ақ атыс қаруының иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғаларды қауіпсіз сақтау жағдайларына тексеру жүргізіледі", - деді Ораз.
Нұрділда Ораз қатігездікке үгіттейтін интернет кеңістіктегі топтарға да бақылау жүргізілетінін айтты.

"Сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау фактілерін, оның ішінде жастар форумдары мен пабликтерде анықтау және ден қою үшін интернет-кеңістікке тұрақты мониторинг жүргізіледі", - деді ол.

Бұл шаралардың барлығы Қазандағы мектептегі қайғылы оқиғадан кейін жүзеге асырылып жатыр. Білім беру нысандарына алып кіруге тыйым салынатын заттар тізімі әзірленіп, мектептегі бақылау күшейтіледі.