Қазақстанда кей жүргізушілер айыппұл төлеудегі жеңілдіктен айырылуы мүмкін

0
559

Қазақстанда 2015 жылдан бастап айыппұл төлеуге 50 пайыздық жеңілдік енгізілген.


Қазақстанда кей жүргізушілер айыппұл төлеудегі жеңілдіктен айырылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі бір жылда бестен артық ереже бұзған қазақстандық жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 50 пайыздық жеңілдікпен айыппұл төлеуге тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев мәлім етті, деп жазады Tengrinews.kz.

"Қазір Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін бір жыл ішінде бестен аса әкімшілік құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға 50 пайыздық жеңілдікпен айыппұл төлеу мүмкіндігін алып тастауға (...) түзетулер енгізіп жатыр", - деді Мұраталиев ІІМ брифингінде.

Қазақстанда 2015 жылдан бастап айыппұл төлеуге 50 пайыздық жеңілдік енгізілген. Жеңілдік бейнебақылау камералары түсірген заңбұзушыларға қолданылмаған болатын.