Қазақстанда халық саны 20 миллионнан асты

0
371

Қазақстандағы қала тұрғындары – 12 573 637 адам, ауыл тұрғындары – 7 586 070 адам.


Қазақстанда халық саны 20 миллионнан асты

ERNUR.KZ. Қазақстан халқының саны 1 шілдедегі жағдай бойынша 20 159 707 адам болды, деп жазады stan.kz.

Қазақстандағы қала тұрғындары – 12 573 637 адам, ауыл тұрғындары – 7 586 070 адам.

Жарты жылда халық саны 125 867 адамға артты. Табиғи өсім есебінен 118 579 адамға, көші-қон есебінен 7289 адамға өсті.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Шымкентте, тиісінше 2,93% бен 1,38%, сондай-ақ Алматы қаласында тіркелді – 1,33%.