Қазақстанда халықаралық рейстерді қалпына келтірмейді

0
971

Халықаралық трафикті қалпына келтіру әлі талқыланған жоқ.


Қазақстанда халықаралық рейстерді қалпына келтірмейді

ERNUR.KZ. Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова халықаралық трафикті қалпына келтіру туралы әңгіме әлі қозғалмағанын айтты, деп жазады Stan.kz.

Есмағамбетова еліміздегі коронавирусқа қатысты жүйеге өзгеріс енгізетіні туралы айтып берді. Ол карантин шараларының жеңілдетілетіні туралы жеткізді. Сонымен қатар бас санитарлық дәрігер халықаралық рейстерге қатысты сөз қозғады


"Кеше біз қарарымызға қосымша жеңілдетулер енгіздік. Вирусқа талдама нәтижесі барлар шекарадан өте береді. Қорытындысы жоқ адамдар карантинге жатқызылып, тест тапсырады. Егер теріс нәтиже көрсетсе, үйіне жіберіледі. Бұл тек біздің елімізге қазақстандықтармен келетін рейстерге қатысты. Халықаралық рейстер туралы әңгіме болмады", - деді Есмагамбетова.


Оның айтуынша, халықаралық трафикті қалпына келтіру әлі талқыланған жоқ.