Қазақстанда қоқыс жәшігіне түкіруге рұқсат етіле ме

0
1 027

Бұған дейін қоғамдық орындарда түкірген адамдарға 5АЕК немесе 15 мың 900 теңге көлемінде айыппұл салынатыны айтылған.


Қазақстанда қоқыс жәшігіне түкіруге рұқсат етіле ме

ERNUR.KZ. Қазақстанда қоқыс жәшіктеріне түкіретіндер үшін жаза қарастырылмаған. Алайда қоқыс жәшігінің айналасына түкіргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен пресс-конференция барысында қалалық ПД басшысы Арман Айтмағамбетов айтты, деп жазады Stan.kz.

"Әрине, қоқыс жәшігіне түкіруге болады. Қоқыс жәшігі сол үшін. Ал егер қоқыс жәшігінің өзіне емес жанына түкірсеңіз, құқық бұзған болып саналасыз. Әрбір адам өзіне жауапкершілік алу қажет. Тура жәшікке түспеу, түсу, әрине адами факторларға байланысты. Бірақ әкімшілік-құқықбузушылық заң бар, өзіңнің қалдықтарыңды тастайтын арнай жер бар. Сол үшін де біз кейде төзімділік таныта алмаймыз", – деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласының полиция депортаментінің басшысы Арман Айтмағамбетов пресс-конференция барысында.

Ол қаладағы барлық қоғамдық орындарда қоқыс жәшіктері бар екенін, азаматтарға жағдай жасалғанын атап өтті. Тіпті инфекциялық ауруға шалдыққан адамдар да, аулаға емес, қоқыс жәшіктеріне баруы керегін айтты.

Еске салсақ, бұған дейін қоғамдық орындарда түкірген адамдарға 5АЕК немесе 15 мың 900 теңге көлемінде айыппұл салынатынын хабарлаған едік. Құқық бұзушы жарты жыл ішінде әдетін қайталаса, оған салынатын айыппұл көлемі де артпақ.