Қазақстанда «көңіл көтеретін» газды таратқаны үшін жазаны күшейтеді

0
529

Қазақстан ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлкеев брифинг барысында күшті әсер ететін заттарды таратқаны үшін жауапкершілікті күшейетінін айтты.


Қазақстанда «көңіл көтеретін» газды таратқаны үшін жазаны күшейтеді

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі түнгі клубтарың шарларындағы "көңіл көтеретін газды" таратқаны үшін жаза күшейтілетіні жөнінде ақпарат таратты, деп жазады ulysmedia.kz.

Қазақстан ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлкеев брифинг барысында күшті әсер ететін заттарды таратқаны үшін жауапкершілікті күшейетінін айтты.

Әлкеев депутаттар жазаны қатаңдатуды көздейтін заң жобасын қарастырып жатқанын атап өтті.

– Бұл, ең алдымен, "көңіл көтеретін газ" деп аталады. Оны қазір түнгі клубтарда көп пайдаланады, - деді ол.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда синтетикалық есірткіні таратқаны үшін жазаның күшейетінін еске салып, қылмыстық жауапкершілік бір граммнан басталатынын атап өтті.