Қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 525 адамға жетті.
Ақмола облысында бір адам коронавирус індетінен көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жедел штаб коронавирус індетін жұқтырған тағы 25 адам тiркелгенін мәлімдеді.
"Қызылорда облысында - 2 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 14 адам, Шымкент қаласында - 1 адам, Қарағанды облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Алматы облысында - 1 адам, Жамбыл облысында - 1 адам, Алматы қаласында – 1 адам", - делінген хабарламада.
Ақмола облысында осымен екінші өілім тіркеліп отыр. Осы уақытқа дейін Қазақстан бойынша 5 адам қайтыс болып, 36 адам емделіп шықты.
Қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 525 адамға жетті:
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 216 адам,
Алматы қаласында – 110 адам,
Қарағанды облысында - 27 адам,
Ақмола облысында - 20 адам,
Атырау облысы - 22 адам,
Жамбыл облысында - 10 адам,
Шымкент қаласында - 13 адам,
Шығыс Қазақстан облысында - 4 адам,
Алматы облысында - 10 адам,
Ақтөбе облысында - 10 адам,
Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам,
Павлодар облысында - 1 адам,
Маңғыстау облысында - 3 адам,
Қызылорда облысында - 28 адам,
Батыс Қазақстан облысында - 2 адам,
Түркістан облысында - 23 адам,
Қостанай облысында - 1 адам.