Қазақстанда коронавирустың британиялық штамы анықталды ма?

0
2 489


Қазақстанда коронавирустың британиялық штамы анықталды ма?

ERNUR.KZ. Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында шетелден келушілер арасында коронавирустың британиялық штамы анықталды ма деген сұраққа жауап берді, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, коронавирустың құрамы мен мутацияға ұшырауын жіті бақылап отыратын арнайы мамандар бар.

Нұр-Сұлтан қаласында соңғы үлгідегі және қазіргі заманға сай зерттеу жүргізетін Секвинатор деген аспап бар. Онымен зерттеу жұмыстары қазір де жүріп жатыр, алайда Еуропа елдерінен өзгерген штамдар анықталмады. Бұл жұмысты Республикалық ведомствоаралық комиссияның тапсырмасы бойынша күшейтіп жатырмыз. Жақында Секвинатор Алматыға да жеткізіліп, ғылыми зерттеулер жүргізілетін болады. Оның басты мақсаты – өзгерген штамдарды анықтау, - деді Бекшин.

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері қалада шектеу шараларының енгізілуі өз тиімділігін көрсеткенін мәлімдеді. Бекшиннің жаңа қаулысына сәйкес демалыс күндері сауда үйлері, базар жұмысы және қоғамдық көлік тоқтаған болатын.

Қалада 3 наурыздан бастап вирусты жұқтыру күрт өсті. Ол күні коронавирусты жұқтырудың 121 жағдайы тіркелсе, өткен сенбі күні 360 адамнан вирус анықталды. Ал жексенбі күні бұл көрсеткіш 297-ге дейін төмендеді. Дегенмен «қызыл» аймақтан шығу үшін бізге әлі де шектеулерді енгізу қажет, - деді ол.