Қазақстанда құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге жаңа форма тігіледі

0
835

Олар ыңғайлы және функционалды арнайы форма жасау жөніндегі қатардағы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың бүкіл ұсыныстарын ескереді.


Қазақстанда құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге жаңа форма тігіледі

ERNUR.KZ. Бүгін аппараттық кеңесте Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов ТЖМ бейінді құрылымдық бөлімшелерге өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін жаңа форма әзірлеуді тапсырды, деп жазады ҚазАқпарат.

Министрдің тапсырмасына сәйкес жауапты қызметкерлерден тұратын жұмыс тобы құрылады.

Олар ыңғайлы және функционалды арнайы форма жасау жөніндегі қатардағы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың бүкіл ұсыныстарын ескереді.

Жұмыс тобы осы бағыттағы ең үздік әлемдік тәжірибелерді де зерттемек.

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы көбінесе жеке құрам үшін қиын әрі күрделі өтеді. Осыған байланысты форма ыңғайлы және функционалды болуы керек. Біздің міндетіміз – құтқарушыларға өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде барынша жайлылықты қамтамасыз ету. Дәл осындай тактика оларды заманауи құтқару техникасымен қамтамасыз етуге қатысты болуы керек», - деп атап өтті Сырым Шәріпханов.