Аурушаңдық жағдайы Шымкент, Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарында өршіп тұр.
ERNUR.KZ. Қазақстанда қызылша жұқтырғандар саны артып барады: жыл басынан бері 11 мың адам тіркелді. Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, ауруға шалдыққандардың басым бөлігі түрлі себептермен екпе алмаған 14 жасқа дейінгі балалар, деп жазады tengrinews.kz.
Шенеуніктің айтуынша, екпе алмаған балалар не медициналық тұрғыдан қарсы көрсетілім туралы қағаз алғандар, не ата-аналары интернеттегі жалған ақпараттың әсерінен екпеден бас тартқан.
"Жағдайды ауыздықтау үшін бас мемлекеттік санитария дәрігері 6 айдан 11 айға дейінгі балаларға қосымша вакцинация жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа, қосымша вакцинация 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар арасында жүргізіледі", - деді Сұлтанғазиев Сенатта өткен брифингте.
Вице-министрдің айтуынша, аурушаңдық жағдайы Шымкент, Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарында өршіп тұр.