Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің шығысы бір жылда 18% өсті

0
537

​Мембюджеттің төрттен бірі әлеуметтік салаға жұмсалып жатыр.


Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің шығысы бір жылда 18% өсті

ERNUR.KZ. Бюджеттің төрттен бір бөлігі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалған, деп жазады inbusiness.

Биыл бюджет шығысының жартысы әлеуметтік салаға бағытталмақ. 2021 жылдың алғашқы тоқсанында мемлекеттік бюджеттің шығысы 3,8 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 18% көп. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 99,5%-ға орындалған. Осы жылдың сәуір айында бюджет шығысы өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда 13,9% өсіп, 1,2 трлн теңгеге жетті.

«Мемлекеттік шығыстардың басым бөлігі дәстүрлі түрде халықты әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалып жатыр: алғашқы тоқсанда бұл мақсатта 1 трлн теңге бағытталған (бір жыл бұрын 894,7 млрд теңге, яғни +11,9%). Шығыстар тізімінде екінші орында білім саласы тұр. Маңызды салаға 793,9 млрд теңге аударылса (өткен жылмен салыстырғанда +17,6%), денсаулық сақтау саласына 590,2 млрд теңге (бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,5 есе көп) кеткен», – делінген зерттеуде.

Жалпы барлық салаға жұмсалған шығыстардың бәрі де өскен. Тек жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге кеткен шығыстар ғана 2% азайып, 205,3 млрд теңгелік шекті көрсетті.

Сондай-ақ бюджеттен көлік пен коммуникация саласына 111,7 млрд теңге (-3,8%), мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 99,4 млрд теңге (-11%), өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы мен жалпы құрылыс саласына 4,9 млрд теңге (-39,6%) жұмсалған.