Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер саны 15% азайды - Әлихан Смайылов

0
1 337

Осы жұмыс – мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырудағы кезекті қадамы.


Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер саны 15% азайды - Әлихан Смайылов

ERNUR.KZ. «AMANAT» фракциясының кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Онда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов баяндама жасады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылды. Бұл тек осы өңірлердің ғана емес, жалпы еліміздің дамуына үлкен серпін береді. Агломерацияларды дамыту мақсатында биыл жергілікті билік органдарының агломерацияларды дамыту саласындағы өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған заң қабылданды. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру бойынша жаңа әкімшілік реформа аясында жұмыс жүргізілуде. Үкіметтің 500-ге жуық функциясы орталық мемлекеттік органдарға берілді және жергілікті атқарушы органдарың өкілеттіктері кеңейтілді», - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілер саны 15%-ке қысқарған.

«Осы жұмыс – мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырудағы кезекті қадамы. Бұл министрлер мен әкімдердің өздері басқарып отырған салаларды дамытуға деген жауапкершілігін арттырады», - деді Әлихан Смайылов.