Қазақстанда мысық пен иттің етін жеуге заңмен тыйым салынады

0
717

Үй жануарларының етін жегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


Қазақстанда мысық пен иттің етін жеуге заңмен тыйым салынады

ERNUR.KZ. Қазақстанда тұңғыш рет үй жануарларының етін пайдалануға тыйым салынады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова айтты, деп жазады zakon.kz.

Біз үйде ұсталатын барлық жануарды қамтитын тізім жобасын әзірледік. Иттер, мысықтар, тотықұстар, аламан (хомяк), ақ тышқандар дегендей. Бұл - үй жануарлары ретінде танылған жануарлардың негізгі классикалық тізімі , - деді Әлия Шалабекова ОКҚ-да өткен брифингіде.

Үй жануарларының етін жегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" жаңа Заңда қарастырылған.

Бұл өлтіруге, жануарға деген қатыгездікке жатады, сондықтан оған қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - деді экология вице-министрі.

Оның айтуынша, уақытша паналау орнынан итті алған адамның кейін оны жеп қойған жағдайы болған. Жаңа заң бойынша уақытша паналау орнында иттің қандай жағдайда өмір сүріп жатқаны үнемі тексеріліп отыратын болады. Сатып алынған немесе сыйға тартылған үй жануарларына келетін болсақ, онда бұл арада кейбір жауапкершілік көршілерге жүктелетін болады.