Қазақстанда өнер және ойын-сауық саласын инвестициялау екінші жыл қатарынан төмендеді

0
588

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында өнер, ойын-сауық және демалыс саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 93,9 млрд теңгені құрады.


Қазақстанда өнер және ойын-сауық саласын инвестициялау екінші жыл қатарынан төмендеді

ERNUR.KZ. ҚР бойынша өнер және ойын-сауық секторында жалақы төменгі орында, деп жазады stan.kz.

ҚР экономикасына салынған жалпы инвестициялар көлемі бір жылда 11,6%-ға өскеніне қарамастан, өнер, ойын-сауық саласына салынған инвестиция көлемі төмен. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында өнер, ойын-сауық және демалыс саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 93,9 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,9%-ға аз.

Сектордағы инвестициялардың жартысынан көбі үш өңірге ғана тиесілі. Астана 27,2 млрд теңге, Түркістан облысы 18,5 млрд теңге және Шымкент 6,8 млрд теңгені құрады.

Банктердің өз қаражаты мен кредиттері есебінен өнер, ойын-сауық және демалыс саласындағы инвестициялар 43,8 млрд теңгені құрады. Бір жыл бұрын ол 63,7 млрд теңге болды.

Республикалық және жергілікті бюджеттерге 22,1 млрд теңге және 27,2 млрд теңге түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 81,9% және 28,8%-ға артық. Банктік емес қарыз қаражатына 821,4 млн теңге түсті, 10,6% өсім байқалады.

2022 жылы өнер және көңіл көтеру саласындағы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 174,9 мың теңгені құрады, ол елдегі орташа жалақыдан 41,4%-ға аз. Бұл – ҚР бойынша ең төменгі көрсеткіштердің бірі.

Сектордағы жалақының сатып алу қабілеті бір жылда 4,6%-ға өсті, ал жалпы ҚР бойынша өсім 10,9%-ды құрады.