Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, 2023 жылғы сәуірде үш негізгі шетелдік валютаның (доллар, еуро және рубль) таза сатылымы 85,3 миллиард теңгені құрады.
ERNUR.KZ. Қазақстандықтар тарапынан шетел валютасына сұраныс 2020 жылдың сәуірінен бергі ең төменгі деңгейге төмендеді, деп жазады ulysmedia.kz.
Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, 2023 жылғы сәуірде үш негізгі шетелдік валютаның (доллар, еуро және рубль) таза сатылымы 85,3 миллиард теңгені құрады. 2022 жылдың сәуірінде таза сатылым 226,1 миллиард теңгені, ал 2023 жылдың наурызында 147,7 миллиард теңгені құрады. Бұл ретте 2022 жылдың орташа деңгейі — айына 202 миллиард теңге; 2021 жылы — 259,8 миллиард теңге.
2023 жылдың төрт айында республика бойынша долларға таза сұраныс 458,7 миллиард теңгені құрады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,3%-ға аз. Егер 2021 жылмен салыстыратын болсақ, онда өсім бар – ол кезде төрт айдағы таза сатылым 405,2 миллиард теңгені құраған.
2021 жылғы қаңтар-сәуірде Ресей валютасына сұраныс 214 миллиард теңгені құрады; 2022 жылы — 227,1 миллиард теңге. 2023 жылғы сәуірде 9,1 миллиард теңгеге азайды. Яғни, Қазақстан халқы біртіндеп рубльден арылып келеді.
Еуроға сұраныс өсуде, бірақ баяу: 2023 жылы таза сұраныс 85,9 миллиард теңгені, бір жыл бұрын — 82,4 миллиард теңгені, ал 2021 жылы – 76,5 миллиард теңгені құрады.
Алматыда шетелдік валютаға сұраныстың күрт төмендеуі байқалады. Сәуірде республиканың ірі мегаполисінде доллардың таза сатылымы 3,7 миллиард теңгені, еуро сатылымы – төрт миллиард теңгені (наурызда 8,4 миллиард) құрады. Ресей валютасынақ, алматылықтардың сатып алған рублі сатқанынан 2,9 миллиард теңгеге аз.
Алайда, Астанада бір айда долларға деген таза сұраныс 2,8 есеге – 9 миллиардтан 24,9 миллиард теңгеге дейін өсті. Елордадағы еуроға деген көзқарас жалпы республикалық трендтен алшақтай қойған жоқ: еуропалық валютаның нетто-сатылымы екі есеге жуық – 2,6 миллиардтан 1,4 миллиард теңгеге дейін төмендеді.