Университеттердің білім бағдарламалары жұмыс берушілердің талабына сай келмеген және студенттер арасында да сұранысқа ие болған жоқ.
ERNUR.KZ. Қазақстанда сот шешімімен үш жоғары оқу орны жабылды, деп жазады sputnik.kz.
Олар:
1. Орталық Азия университеті
2. Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті
3. "Астана" университеті.
Соңғы жылдары бұл жоғары оқу орындары министрлік тапсырысымен "Атамекен" ҰКП жүргізетін білім бағдарламалары рейтингінде үнемі төмен позициядан көрініп келген. Университеттердегі білім бағдарламаларының дені жұмыс берушілердің талабына сай келмеген және студенттер арасында да сұранысқа ие болмады.
"Жабылған жоғары оқу орындары сапаны жақсартуға тырысқан жоқ, білім бағдарламаларына инвестиция салмады, практик-мамандарды да қызметке тартпады. Нәтижесінде аутсайдер университеттер лицензиясынан айырылып, білім беру қызметін тоқтатты", – деді БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.