Қазақстанда "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру ережелері өзгерді

0
351

Бұйрық 2024 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстанда

ERNUR.KZ. Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп жазады zakon.kz.

Гранттар ҚР азаматтарына келесі бағыттар бойынша жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:

  • "Ғылым" – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
  • "Бизнес" – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
  • "Медиа" – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
  • "Мәдениет" - Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;
  • "Ақпараттық технологиялар" - жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, оның ішінде стартап-жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін;

Сондай-ақ, волонтерлік – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.

Конкурсқа үміткер бір бағыт бойынша 1 конкурстық өтінім береді.

Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы аудио- және (немесе) бейнетіркеуді пайдалана отырып, ашықтық және айқындық қағидаттарында өткізіледі.

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады және мыналарды қамтуы тиіс:

  • нысан бойынша жобаның сипаттамасы;
  • бейне (60 секундтан аспайды) немесе жобаның тұсаукесері (он слайдтан аспайды);
  • шығындар сметасының жобасы;
  • зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса);
  • жеке куәліктің немесе туу туралы куәліктің көшірмесі.

Уәкілетті орган құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде конкурстық өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде үміткерге конкурстық өтінімді 1 (бір) реттен аспайтын мөлшерде хабарламаны үміткердің конкурстық өтінімінде көрсетілген электрондық мекенжайына жібереді.

Конкурстық өтінім хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттар сәйкес келтірілмеген кезде уәкілетті орган конкурстық өтінімді үміткерге қайтарады.

Конкурстық өтінімдерді уәкілетті орган конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде қарайды.

Уәкілетті орган конкурстық өтінімдерді қарау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның қарауына жібереді.

Бұйрық 2024 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.