10 мәдениет нысаны бойынша шығынның орнын толтыруға берілетін субсидия көлемі ұлғайтылды.
ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музей мен цирктерге субсидия төлеу қағидасына өзгерістер енгізді, деп жазады zakon.kz.
Атап айтқанда, 10 мәдениет нысаны бойынша шығынның орнын толтыруға берілетін субсидия көлемі ұлғайтылды.
- Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры – 85-тен 90%-ға дейін.
- М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры – 85-тен 90%-ға дейін.
- М.Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры – 70-тен 85%-ға дейін.
- Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ балалар мен жасөспірімдер театры – 85-тен 87%-ға дейін.
- Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры – 95-тен 97%-ға дейін.
- Республикалық неміс драма театры – 95-тен 96%-ға дейін.
- «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі – 90-95%.
- ҚР Мемлекеттік академиялық би театры – 95-тен 97%-ға дейін.
- Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы – 90-нан 93%-ға дейін.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі – 90-95%.
Нысандардың толық тізімін мына жерден көре аласыз.
Бұйрық 2022 жылғы 14 тамыздан бастап күшіне енеді.