Қазақстанда теміржол және әуе тасымалы қымбаттады

0
681

2023 жылғы 12 айының қорытындысы бойынша, теміржол кәсіпорындары тиісті қызметтен шамамен 119,5 миллиард теңге, әуе көлігі саласындағы кәсіпорындар – 731,9 миллиард теңге табыс тапты.


Қазақстанда теміржол және әуе тасымалы қымбаттады

ERNUR.KZ. Тұтынушылар үшін теміржол саласындағы қызметтердің бағасы 18,2%-ға, ал авиацияда 19%-ға дейін өсті, деп жазады inbusiness.kz.

2023 жылғы 12 айының қорытындысы бойынша, теміржол кәсіпорындары тиісті қызметтен шамамен 119,5 миллиард теңге, әуе көлігі саласындағы кәсіпорындар – 731,9 миллиард теңге табыс тапты. Бірінші жағдайда номиналды жылдық өсім 22%, ал екінші жағдайда – 24%-ды құрады.

Сондай-ақ, теміржолшыларда жолаушыларды тасымалдаудан түсетін табыстың нақты көлемі 4%-ға, ал әуе секторында – 5%-ға өскені хабарланды.

Клиенттердің өздері де көбейгені атап өтілді. Пойыздар бір жыл ішінде шамамен 19,8 миллион жолаушыны тасымалдады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2,1%-ға көп, ал әуе көлігімен 13,3 миллион және бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 20,7%-ға артық.