Қазақстанда теннистен іріктеу матчтары өтпейтін болды

0
1 124

​Қытайдан тарап жатқан індетке байланысты теннис жарысы Қазақстанға көшірілген болатын.


Қазақстанда теннистен іріктеу матчтары өтпейтін болды

ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, 2020 жылғы 4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясы Федерация кубогының іріктеу матчтарын ҚХР-дың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыру туралы ұсынысы қабылданбады.
Сондай-ақ 2020 жылғы 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды.
Ведомствоаралық комиссия жағдайды тәуліктік режимде қадағалауда. Биылғы 29 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясымен сырқаттану оқиғасы тіркелмеген. Аталған мәселе ел басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Айта кетейік, Қытайдан тарап жатқан індетке байланысты теннис жарысы Қазақстанға көшірілгені туралы жазған болатынбыз.