Ең арзаны 300-400 миллионнан басталады.
ERNUR.KZ. Құны миллиардтарға бағаланған зәулім сарайлардың жарнамасы сайтарда толып тұр. Қазірдің өзінде 1300- ге жуық түрлі тамақтану орындары, мейрамхана, бизнес орталықтар мен тойханалар сатылып жатыр. Сатылымға шыққан той өтетін орындардың бағасы аспандап тұр. Ең арзаны 300-400 миллионнан басталып, миллиардтарға дейін барады, деп жазады Stan.kz.
Соңғы 5-6 айдан бері тойханалар қаңырап қалды. Шарасыз қалған кәсіпкерлер тойханаларын жаппай сатып жатыр. Тойханалардың көбі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан сатылымға қойылған. Тойға мыңдаған адам шақыратын Шымкентте тойханалар бағасы Алматы мен Нұрсұлтанға қарағанда арзан. 550 адамға арналған тойхана 750 миллионға бағаланып тұр.
Арнайым маман соңғы кездері тамақтанатын орындарды сатаып жатқан кәсіпкерлердің күрт артқанын айтады.
"Біздің агенттік он жылдан бері нарықта жылжымайтын мүлік сатумен айналысады. Соңғы кездері түрлі дәмхана, мейрамханалардың иелерін көптеп хабарласып, бизнестерін сатылымға қойып жатыр. Себебі, коронавирус індетіне байланысты олардың жұмыстары қиындап кетті", - дейді Виталий Браиловский.