Әлеуметтік желіде еліміздегі мектептерде түркі тарихы пәнінің енгізілетіні туралы ақпарат тарады.
ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі мектептерде бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Stan.kz
Бұған дейін Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің V отырысында "Ортақ түркі тарихы", "Ортақ түркі әдебиеті" және "Түркі әлемінің географиясы" оқулықтарының жарыққа шығатыны туралы хабарланған болатын.
Ведомствоның ақпаратына сенсек, мектептерде осы бағыт бойынша жаңа пәндер енгізілмейді.
"Бұл жерде әңгіме факультатив ретінде қосымша таңдауға болатын курс жайында болып отыр. Яғни оқушылар өз қалауы бойынша түркі әлемін зерттеу үшін қосымша білім ала алады”, – деп мәлімдеді министрліктен.