Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау тәртібі күшіне енді

0
2 017

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны тапсыруға міндетті адам 2020 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша барлық активі мен міндеттемелерін көрсетуі тиіс.


Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау тәртібі күшіне енді

ERNUR.KZ. Бүгіннен бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау тәртібі күшіне енді, деп жазады ҚазАқпарат.

Жалпыға бірдей декларацияның басты мақсаты – көлеңкелі экономикамен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралды қалыптастыру әрі ел бюджетін толықтыру. Жалпыға бірдей декларациялауға елдің әрбір азаматының өмірін жақсартудың көптеген мүмкіндігі кіреді. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялау жүйесінің алғашқы кезеңіне мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген жұбайлары кіреді.

Декларацияны 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны тапсыруға міндетті адам 2020 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша барлық активі мен міндеттемелерін көрсетуі тиіс.

Бүгіннен бастап декларацияны жауапты мемлекеттік қызметті атқаратын адамдар және олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар және олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары тапсырады.

Одан бөлек, бұл санатқа Конституциялық заңға, ҚР сайлау туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, ҚР банктері және банктік қызметі туралы, сақтандыру қызметі туралы заңдарға сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген адамдар да кіреді.