Қазақстанда жаңа академия құрылады

0
993

Киберқауіпсіздік академиясы жұмыс істейтін болады


Қазақстанда жаңа академия құрылады

ERNUR.KZ. Академияны «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасы аясында ашу жоспарланған, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Тимур Шәймергеновтың айтуынша, жаңа академияда киберқауіпсіздікке үйретеді. Осыған орай, әлемнің жетекші компанияларымен әріптестік байланыс орнату шаралары атқарылуда.

«Қазіргі кезде біз киберқауіпсіздік академиясын құру бойынша ұйымдастыру-құқықтық мәселелерді зерделеп жатырмыз. Осы жұмысқа мықты компаниялар тартылады. Олардың ішінде Түркия, Израиль және Ресей компаниялары бар. Академия мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жұмыс істейтін болады», - деді Т.Шәймергенов ҚР Парламент Сенатында өткен жиында.

Оның айтуынша, биыл өнеркәсіптік киберқауіпсіздік бойынша ұлттық орталық құрылған болатын. Аталған құрылым Transtelecom-мен бірлесіп жасалды. Оның негізгі мақсаты - стратегиялық маңызы бар нысандардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Дәл осы орталықтың негізінде киберқауіпсіздік академиясы да жұмыс істейтін болады. Сол жерде жекеменшік және квазимемлекеттік салалар үшін кәсіби киберқауіпсіздік мамандарын даярлауға болады», - деп атап көрсетті Т.Шәймергенов.