Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының жанынан вакцина шығаратын зауыт салынған болатын. Қазіргі кезде құрал-жабдықтарды іске қосып, сынақтан өткізіп жатыр.
ERNUR.KZ. Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының жанынан салынған OtarBioFarm зауыты бір айдан кейін іске қосылады, деп жазады sputnik.kz.
Осы уақытқа дейін институт ғалымдары сан алуан аруларға қарсы 67 вакцина ойлап тапқан. Олар коронавирусқа қарсы QazVac екпесін де шығарды. Ресми мәліметке сәйкес, отандық вакцинаны 300 мыңнан астам адам салдырды. Оны басқа елдерге гуманитарлық көмек ретінде жеткізіп жатыр.
Алайда проблемалар да жоқ емес. Вакцинаны өндіруге қажетті шикізат пен реактивтерді жеткізу жүйесі әлсіз. Оған қоса, маман тапшылығы бар.
"Бізге жастар келмейді. "Болашақ" бағдарламасының бірде-бір түлегі жоқ. Негізі жастар мен басқа да мамандарды ынталандыру керек. Себебі бұл жай өндіріс емес, бірегей өндіріс", - дейді институт басшысы Күнсұлу Закарья.
Ал депутат Ирина Смирнованың айтуынша, вакцина жасау жүйесін барынша жетілдіру үшін заңнамаға өзгеріс енгізу керек.
Институт мамандары алдағы үш жылдың ішінде тағы бес вакцина шығаруды жоспарлап отыр. Соның арқасында импорттық екпенің үлесін азайтуға болады. Ал екі күннен кейін коронавирусқа қарсы QazCovac-P атты тағы бір отандық вакцинаны екінші клиникалық зерттеуден өткізу шаралары басталады.