Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылуы мүмкін

0
673

Қазақстанда жылдық мөлшерлемесі 11-12% болатын жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосу жоспарланып отыр.


Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Бұл туралы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасы Қанат Шалапаев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, зейнетақы жинағының баспанаға жұмсауға болатын шекті мөлшерінің өсуіне және келесі жылы "7-20-25" бағдарламасының аяқталуына байланысты 500 млрд теңге ипотекаға немесе 35 мың пәтерге деген сұраныс төмендейді болжанып отыр.
"Жеке құрылыс салушылардың коммерциялық тұрғын үйді сату жылдамдығы айтарлықтай төмендеуі мүмкін. Сұраныстың өтелмеуіне жол бермеу мақсатында халық үшін екінші деңгейлі банктердің нарықтық ипотекасы бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігін іске қосу ұсынылады", - деді Шалапаев үкімет отырысында.
Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы жүргізген келіссөздер нәтижесінде мынадай базалық шарттар ұсынылып отыр:
бастапқы жарна 20 пайыздан басталады;
кредит беру мерзімі 20 жылға дейін;
-қарыздың ең жоғарғы сомасы 35 миллион теңгеге дейін;
-төлем қабілеттілігін міндетті түрде растау қажет.
Шалапаевтың айтуынша, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5%-тен аспайтын ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 7% субсидияланады.
Екінші деңгейлі банктер өз қаражаты есебінен құрылыс салушылардың бастапқы тұрғын үйіне және Қазақстан тұрғын үй компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген салынып жатқан тұрғын үйге қарыз бере алады.
"Осы бағдарламаны іске қосу үшін заңнамалық өзгерістер қажет емес. Қазіргі уақытта бюджеттік өтінім қаржы министрлігінің қарауында. Бюджет мақұлданғаннан кейін, Қазақстандық тұрғын үй компаниясы осы бағдарламаны дереу іске қосуға дайын", - деді Шалапаев.
Үкімет отырысында көрсетілген слайд бойынша субсидиялау талаптары:
субсидиялау ставкасы – 7%,
ипотека бойынша ставка – Ұлттық банктің базалық ставкасы + 5%-ке дейін
субсидиялау мерзімі – 10 жыл;
қарыз алушы үшін соңғы ставка – жылдық 11-12%.