Құжат 30 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.
Атап айтқанда, TONIA (Tenge Over Night Index Average) TCI мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді шығаруды, орналастыруды, айналысқа қосуды, қызмет көрсетуді және өтеуді жүзеге асырады.
Эмитент қазынашылық міндеттемелердің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
- қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;
- орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;
- ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;
- орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді;
- ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді;
- ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді;
- арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;
- TONIA (Tenge Over Night Index Average) мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді;
- TONIA (Tenge Over Night Index Average) TCI мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді шығаруды, орналастыруды, айналысқа қосуды, қызмет көрсетуді және өтеуді жүзеге асырады.
TONIA TCI мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер купондық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
TONIA TCI мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің номиналдық құны – 1000 теңге.
TONIA TCI мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бір жылдан астам айналыс мерзімімен шығарылады.
TONIA TCI мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
TONIA TCI мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы – бүкіл айналым кезеңінде айдағы күндердің нақты саны/есеп айырысу жылында 365 күн.
TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купон төлемі қазынашылық міндеттемелер айналысының тиісті жылы екі рет эмитент белгілеген күндерде жүзеге асырылады.
Купон төленетін алты айға арналған TONIA Compounded Index (TCI) купондық кезең аяқталатын күнге дейін 10 жұмыс күні бұрын айқындалады, бұл мөлшерлеме төлем жүзеге асырылатын купондық кезеңнің соңына дейін өзгермейді.
TONIA TCI мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің иелері заңнамалық актілерде белгіленген шектеулерді қоспағанда, TONIA TCI мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор TONIA TCI мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
Құжат 30 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.