Қазақстанда жаңа спецкокс зауыты іске қосылды

0
565

Жаңа кәсіпорында 184 жаңа жұмыс орны құрылды.


Қазақстанда жаңа спецкокс зауыты іске қосылды

ERNUR.KZ. Бүгін "Қазақстандық мазмұны 2.0" форумы барысында ERG компаниясының құрамына кіретін "Шұбаркөл көмірдің" спецкокс өндіретін зауыты нақты уақыт режимінде іске қосылды. Жаңа кәсіпорында 184 жаңа жұмыс орны құрылып, кокстан бөлек, көмір шайыры мен майы өндірілетіні хабарланды, деп жазады inbusiness.kz.

"Барлық "Шұбаркөл көмір" қызметкерлері атынан форум қатысушыларына сәлем жолдаймын. Қазақстан бизнесі үшін маңызы бөлек шараның бір бөлігі бола алғанымызға қуаныштымыз. Жаңа зауыттың салынуы ERG-ның мемлекеттің импорт тәуелділігінен құтылу бағдарламасына қосқан үлесі", - деді "Шұбаркөл көмір" АҚ-ның бас директоры Сергей Ким.

Жаңа кәсіпорында 184 жаңа жұмыс орны құрылды. Негізгі тауар — кокстан бөлек, біз жылына 70 мың тонна көлемінде көмір шайыры мен майын өндіруді жоспарланған. Шикізат ретінде Т-маркалы Шұбаркөл көмірін қолданылатын болады.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанға жылына шамамен 1 млн тонна ферроқорытпа және таза кремний өндірісінде кеңінен қолданылатын спецкокс қажет. Алайда бүгінде спецкокстың басым бөлігі көршілес мемлекеттерден жеткізіледі.

Осыдан екі жыл бұрын ERG компаниясының құрамына кіретін "Шұбаркөл көмір" жылына 72 мың тонна спецкокс шығаратын зауыттың алғашқы кірпішін қалаған болатын. Ол кезде жалпы инвестицияның көлемі – 40 миллиардтан асатыны хабарланған еді.