Қазақстанда жарты жыл ішінде қанша адам көз жұмды

0
710

Жарты жыл ішіндегі өлімнің көп бөлігі Шығыс Қазақстанда тіркелді


Қазақстанда жарты жыл ішінде қанша адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті жарты жылда көз жұмған қазақстандықтардың санын жария етті, деп жазады Stan.kz.

2020 жылдың алты айында 64 968 адам қайтыс болды. Салыстыру үшін: 2019 жылдың бірінші жартысында 66 613 өлім тіркелді.

Жарты жыл ішіндегі өлімнің көп бөлігі Шығыс Қазақстанда тіркелді - 6859 адам. Бүл аймақ өткен жылдың сәйкес кезеңінде де бірінші орында болды - 7158. Елдегі өлім саны бойынша екінші орында Алматы тұр - 6771, одан кейін Қарағанды облысы - 6475.

Алты айдағы өлімнің ең аз саны Маңғыстау облысында тіркелді - 1531 адам.

Статистика комитеті сонымен бірге осы кезеңдегі қазақстандықтардың көз жұму себептері туралы мәліметтерді ұсынды:

  • қанайналым жүйесі ауруларынан - 15 651 адам,
  • гипертониядан - 423 адам,
  • жүректің ишемиялық ауруынан - 5297 адам,
  • стенокардиядан - 186,
  • жедел миокард инфарктісінен - 961,
  • мидың тамырлы зақымдануынан - 5607,
  • ісіктерден-7441, қатерлі ісіктерден - 7257,
  • жазатайым оқиғалардан, уланудан және жарақаттанудан - 4833,
  • тыныс алу органдарының ауруларынан - 7326. Оның ішінде тұмау, ЖРЗ және пневмониядан - 2073 (2019 жылы 2138 адам қаза болды).

Қостанай облысында тұмаудан, ЖРЗ және пневмониядан болған өлім-жітімнің көп саны тіркелді - 277, 2019 жылдың жарты жылдығында бұл аймақта 364 жағдай тіркелді. Одан кейін Шығыс Қазақстан - 222, Қарағанды облысы - 210.

Асқорыту органдарының ауруларынан жарты жыл ішінде елде 5563 адам, жұқпалы және паразиттік аурулардан - 768 адам көз жұмды.

Өлім-жітімнің жалпы санында адам өлтіру, суицид және жол-көлік оқиғалары тіркелген.